Әлем чемпионы "Канело" жеңілмейді деген аңызды жоққа шығарды

3 қыркүйек 2021 00:22
©Boxing icon

Екінші орта салмақта IBF чемпионы америкалық Калеб Плант (21-0, 12 КО) WBC, WBA және WBO титулдарына ие мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (58-1-2, 36 КО) арадағы жекпе-жегіне қызығушылықты мәлімдемелер арқылы арттырып жатыр.

Екі боксшы аболют чемпион атағы үшін 6 қараша Лас-Вегаста жұдырықтасады.

"Сондерспен айқаста Сауль өз ісін жасады. Билли бұған дейін біраз жетістікке жеткен еді, дегенмен, мұндай кез келгеннің басына келуі мүмкін. Алайда бұл "Канелоны" жеңу мүмкін емес дегенді білдірмейді. Ол бұрын да жеңілген және ірі айқастарда жеңіліп қалатындай көрінді.

Эрисланди Ларамен жұдырықтасқанда осал жері бары білінді, ал Мейвезер оған бокс деген не екенін көрсетті. Сонымен бірге, ол Головкинмен бірінші жекпе-жекте жеңілді. Екіншісінде теңдей түсті. Сондықтан оны жеңу мүмкін емес дегенге мені ешкім сендіре алмайды", - деп береді Планттың сөзін PBC.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport