Әлем чемпионатындағы қазақ боксшылардың айқасына тікелей трансляция

©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Бүгін, 27 қазанда Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында екі қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, Асыланбек Шымбергенов 71 келідегі 1/32 финал аясында Иран өкілі Фархад Моради Аташгахпен кезедседі, ал 86 келіде Бек Нұрмағанбеттің 1/16 финалдағы қарсыласы бразилиялық Кено Мачадо.

Екі жекпе-жек те күндізгі сессияда өтеді. Басталуы 17:00. Qazsport бұл айқастарды тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Бек кәсіпқой боксқа ауысқан. Ол бес жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп (үш нокаут), екінші орта салмақта WBA International титулын иеленді. Боксшы әлем чемпионы атану үшін Қазақстан құрамасына оралды. Ол 2019 жылғы Азия чемпионы екенін де айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport