"Ақша үшін шет қалмаймыз". Чемпиондыққа үміткер "Канелоның" жоспарын бұзды

©SuperSport

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) бесінші дивизионды бағындыра алмауы мүмкін, деп хабарлайды vringe.com.

Мұның алдында WBC оның бапкері әрі менеджері Эдди Рейносоның сұранысын қанағаттандырып, бірінші ауыр салмақтағы чемпион конголезиялық Илунга Макабумен (28-2, 25 КО) жекпе-жекке рұқсат берген. 

Алайда Макабудің белбеуіне міндетті үміткер барын бәрінің есінен шығып кеткенге ұқсайды. Ол Оңтүстік Африка боксшысы Табисо Мчуну (23-5, 13 КО). Енді оның бапкері Шон Смит "Канело" үшін өздерінің заңды құқытарынан бас тартпайтынын мәлімдеді. 

"Канело" келесі қарсыласымен бетпе-бет кездесті

"Мчуну - Илунганың міндетті қарсыласы. Чемпион белбеуін қорғау керек. Дон Кинг (Макабудің промоутері - ред.) міндетті қорғаудың орнын да уақытын да ұсынбады. Ал WBC Конгрессінде "Канелоның" бапкері әрі менеджері Макабумен айқасқа сұраныс жасады, сол кезде сұраныс бірден қанағаттандырылды. Бірақ біз ақша үшін шет қалмаймыз. Біз Илунгамен жұдырықтасып, WBC титулын жеңіп алғымыз келеді. "Канело" Макабумен мамырда айқасқысы келеді, бірақ, оған дейін Макабу Табисомен мәселені шешу керек", - дейді бапкер.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport