"Ақша маңызды емес". Жартылай ауыр салмақ чемпионы "Канеломен" жұдырықтаспақ

Сурет: Matchroom Boxing
Жартылай ауыр салмақта WBA Super титулына ие Дмитрий Бивол (17-0, 11 КО) төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-2-1, 36 КО) жұдырықтасқысы келеді. Бұл туралы ресейлік боксшының менеджері Вадим Корнилов мәлімдеді, - деп хабарлайды sports.ru.

"Дмитрий "Канеломен" жекпе-жекке шыққысы келеді, өйткені, оны жеңетінін біледі. Ал көздегені ақша емес. Ол өз атын тарихта қалдыратын айқасқа құмар. Сондерс пен Каллум Смит кездесу өткізу үшін Альварес командасынан қанша сұрағанын білеміз. Дмитрий айтарлықтай аз гонорарға да келісіп отыр", - дейді менеджер. 
Жаңалықтар