Ахмедов әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жектің соңғы раундында нокаутқа түсті

19 желтоқсан 2020 07:34
Сурет: : twitter.com/MatchroomBoxing

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-0, 12 КО) әлем чемпионы титулы сарапқа салынған жекпе-жекте жеңіліп қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Холливудта өтіп жатқан бокс кешінде Ахмедов IBO белбеуі үшін эквадорлық Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) жұдырықтасты.

Кездесу 12 раундқа есептелген еді. Соңғы раундта Ахмедов нокдаунға түсіп, қайта тұрды. Кейін тағы бір құлаған қазақстандық боксшы жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмады. 

Осылайша, Ахмедов 16 жеңістен кейін карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Гонгора болса жеңіс санын 19-ға жеткізіп, әлі жеңіліс көрмей келеді.