Африкалық экс чемпион "Жолбарыс" үшін Жүкембаевтан есе қайтармақ

©Tapology

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) өткен айда дивизиондағы бәскелестеріне қарата үн қатқан болатын. Батырдың осы сөзіне әлемнің бұрынғы чемпионы жауап беріпті, деп хабарлайды Vesti.kz.

24 желтоқсан Алматыда Жүкембаев Оңтүстік Африка елінің боксшысы Ксолани Мкотелиді (19-7, 12 КО) нокаутқа түсірген еді. Батыр "Жолбарысты" нокаутқа түсіргеннен кейін мәлімдеме жасады

Батырдың бұл мсәлімдемесіне Оңтүстік Африканың өзге боксшысы Гифт Бхоло (10-11, 5 КО) жауап берді.

"Маған кел, біраз таяқ жейсің... ??? Әйтпесе мен артыңнан келемін! Сенің үрейіңе айналамын, жекпе-жек болатындай ет чемпион! Мен Африкалықпын!" - деп жазыпты бірінші жартылай орта салмақта Африкалық бокс кеңесінің (ABU) экс чемпионы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport