ӘЧ-дегі қазақстандық боксшының жекпе-жегіне тікелей трансляция

©olympic

Бүгін, 10 мамыр күні Ыстамбұлда бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандықтардың арасыннан 48 келі салмақта Алуа Балқыбекова ринг төріне шығады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз турнирдің 1/8 финалына берілетін жолдаманы канадалық Прианка Диллонмен сарапқа салады. Бокс кеші елорда уақытымен 21:00 басталады. Балқыбекова жетінші жұпта сынға түсетінін айта кеткен жөн. Бокс кешін Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Еске салайық, әлем чемпионатында алтын алған былғары қолғап шебері 100 мың доллар сыйақы алса, финалист 50 мың, ал қола жүлдегер 25 мың АҚШ доллар табыс табады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport