42 жастағы Пакьяо қайта оралды. Мэнни әлем чемпионымен жекпе-жеке шығады

Сурет: Fight.ru

Алты салмақта чемпион болған 42 жастағы Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) келесі жекпе-жегі туралы жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзінің Instagram парақшасында ол постер жариялаған екен. Онда 21 тамыз Лас-Вегаста жартылай орта салмақта WBC және IBF чемпионы 31 жастағы америкалық Эррол Спенспен (27-0, 21 КО) жекпе-жек өткізетіні жазылған.

Еске салайық, Пакьяо 2019 жылдың шілдесінде Кит Турманнан басым түсіп, WBA Super титулын жеңіп алғалы рингке шыққан жоқ. Кейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы ұзақ үзіліс үшін белбеуді кері қайтарып алды. 

Жаңалықтар