41 нокауты бар әйгілі боксшыны карьерасын аяқтаудан мүсін тоқтатып қалған

29 қыркүйек 2022 07:42
©fightnews.info

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Деонтей Уайлдер (42-2-1, 41 КО) бокста қалуға не күш бергенін айтты, деп хабарлайды BoxingScene.

Көктемде боксшы дүниеге келген Тускалуза қаласында оған көзі тірісінде ескерткіш қойылды. 

"Әлемге қажет екенім бокста қалуыма шын себеп болды. Мен шынымен адамдарға мотивация беремін. Мұны бұрыннан білетінмін, бірақ, енді түбегейлі түсіндім. Сіздер тірі аңызды көріп отырсыздар. Жақтастарым немесе жеккөретіндер болсын бәрібір, бір күні олардың үні өшеді. Ал мына мүсін сол күйі тұрады. Бұл мүсінді жаратушы алмайынша немесе бір апат болмайынша тұра береді", - дейді 36 жастағы боксшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport