27 нокауты бар жеңілмеген чемпион Головкинннің бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

Сурет: Boxing News 24
Жартылай орта салмақта WBO чемпионы Теренс Кроуфорд (36-0, 27 KO) келесі жекпе-жегін бұрынғы әлем чемпионы британиялық Келл Брукпен (39-2, 27 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы промоутер Боб Арумға сілтеме жасаған talkSPORT редакторы Майкл Бенсон хабарлады. 

Елеусінов өзінің мылжасын шығаруға уәде берген әлем чемпионымен бетпе-бет кездесті

"Боб Арум бокс жанданған кезде Теренс Кроуфордтың келесі қарсыласы Келл Брук болатынына сенімді", - деп жазыпты Бенсон "Твиттер" желісінде. 



Айта кетейік, мұның алдында Келл Бруктің өзі P4P рейтингтеріндегі көшбасшылардың бірі болып келетін Кроуфордпен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеген болатын. 

"Головкинмен жұдырықтасқам, ал ол зарлай береді". GGG-дің экс-қарсыласы 27 нокауты бар чемпионды жекпе-жекке шақырды