"23 күн қалды". Головкин Деревянченкомен титулды жекпе-жегіне жаттығуын көрсетті

13 қыркүйек 2019 09:04
Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Big Bear лагерінде қалай жаттығып жатқанын көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

GGG орта салмақта бос тұрған IBF белбеуі үшін украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) 5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін жекпе-жегіне дайындықты жалғатырып жатыр.

"23 күн [жекпе-жекке дейін]", - деген жазбамен Головкин твиттер желісінде видео жариялады.