18 жастағы Даниял финалда өзбек боксшымен тартысты айқаста есе жіберді

Сурет: olympic.kz©

18 жастағы қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Дубайдағы Азия чемпионатының финалында есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

49 келі салмақтағы шешуші айқаста оның қарсыласы өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедов болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен өзбекстандық боксшы басым түсті. 

Өзбек боксшысы 2019 жылғы Азия чемпионы екенін айта кетейік.