18 жастағы боксшы Қазақстан құрамасынан бірінші болып Азия чемпионатының финалына шықты

Иллюстрациялық сурет: ҚБФ

18 жастағы қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Дубайдағы Азия чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

49 келі салмақтағы жартылай финалдық кездесуде оның қарсыласы филиппиндік Марк Лестер Дюренс болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы басым түсті. 

Өзге жартылай финалдық кездесуде өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедов төрешілер шешімімен моңғолиялық Унуболд Орхонтунгалагты жеңді.

Демек Даниялдың финалдық жекпе-жекте қарсыласы осы өзбекстандық боксшы болады.