100 миллионға жетпейді. "Канелоның" осы уақытқа дейін қанша табыс тапқаны белгілі болды

©Canelo team

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Sportico порталының нұсқасы бойынша әлемдегі ең көп табыс табатын бес спортшының қатарына кіреді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Дереккөз спортшылардың соңғы 12 айда қанша табыс тапқанын жариялады. Бұл тізімге "Канело" атақты футболшы және баскетболшылармен бірге жайғасты. Бірақ бұл көрсеткіш биыл жыл соңына дейін өзгеруі мүмкін. Себебі, мексикалық жыл соңында Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) кездесіп, табысын арттыруы вқтимал. 

Ал Альварестің қазіргі табысы 84 миллион доллар болған. Бұл жерде жарнамадан түсетін ақшалар да көрсетілген. Ал тізімнің көш басында Леброн Джеймс болса, екінші сатыда ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси тұр. 

Sportico нұсқасы бойынша ең табысты спортшылардың тізімі:

 1. Леброн Джеймс (баскетбол) - 126,9 миллион доллар;

2. Лионель Месси (футбол) - 122 миллион;

3. Криштиану Роналду (футбол) - 115 миллион;

4. Неймар (футбол) - 103 миллион;

5. Сауль Альварес (бокс) - 89 миллион;

6. Стеф Карри (баскетбол) - 86,2 миллион;

7. Кевин Дюрант (баскетбол) - 85,9 миллион;

8. Роджер Федерер (теннис) - 85,7 миллион;

9. Джеймс Харден (баскетбол) - 76 миллионо;

10. Тайгер Вудс (гольф) - 73,5 миллион.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport