Тайсон Фьюри рестлерлер лигасын нокаутпен бастады

© newsmma.net
Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюри WWE Crown Jewel промоушенінің рестлер-турнирінде өткен алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыс Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатыр. Фьюридің қарсыласы америкалық Брон Строуман болды. Британиялық бірнеше қауіпті соққы өткізгенімен, нокаутпен жеңіске жетті. 

Мұның алдында Фьюри жекпе-жек үшін 15 миллион доллар алатыны белгілі болған еді.