Василий Левит төртінші рет Азия чемпионатының финалында өнер көрсетеді

Сурет: ҚФБ

Қазақстандық боксшы Василий Левит Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

91 келіде өнер көрсететін боксшымыз жартылай финалда қырғызстандық Рустам Ырысбекұллумен кездесіп, жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Левит осымен Азия чемпионатының финалына төртінші рет шығып отыр. Ол 2009, 2015 және 2017 жылдары алтын жүлде жеңсе, 2019 жылы қола иеленді.  

Енді ол финалда үндістандық боксшы Санжетпен кездеседі. Бұл боксшыны Левит 2019 жылы Нұр-Сұлтанда жеңген. 

Еске салайық, бұған дейін Азия чемпионатының финалына Даниял Сәбит (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Әбілхан Аманқұл (75 келі) шыққан болатын. Ал Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңілді. 

Метки:
Жаңалықтар