Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде сенсация жасады

©ordo.kz

Қазақстандық екі боксшы Бішкекте өткен Дуйсенкул Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнирде алтын жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz.
 
75 келіде өнер көрсететін Бақберген Әлиасқаров финалда ринг қожайыны Даниэль Абдурахмановпен жұдырықтасу керек болған, алайда қырғызстандық боксшы соңғы айқасқа шықпады. Осылайша, қазақстандық боксшы жекпе-жексіз чемпион атанды. 

Ал 86 келідегі финалда Аман Қазанқапов Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері - қырғызстандық Эркин Адылбек уулун (2019, 2021 және 2022 жылдары ол қола жеңіп алған) жеңіп сенсация жасады. 

Айта кетейік, турнир барысында Қазанқапов өзбекстандық екі боксшыны - Мирзамурад Умаров пен Мадумар Бахрамовты жеңген боалтын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар