Өзбекстан 18 жастағы "сенсациялық" боксшыны Қазақстанға жібереді

©РИА Новости

Өзбекстан құрамасы 25 сәуір мен 10 мамыр аралығы Астанада өтетін жастар арасындағы (U-22) бокстан Азия чемпионатына жіберетін құрамын жариялады, деп жазады Vesti.kz

Азиялық бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі ол құрамнан Фазлиддин Эркинбоевты ерекше атап өтті. Бұл боксшы 18 жаста.

"Фазлиддин Эркинбоев - жартылай ауыр салмақтағы (80 кг) фантастикалық сенсация. Ол кейінгі турнирлердің бәрінде жеңіп шықты", - деп жазады ASBC.

BoxRrec.com мәліметінше, әуесқойда Эркинбоеватың рекорды 21-1. Оның жалғыз жеңілісі "Странджа кубогінде" болған екен. 

ASBC ақпараты бойынша, Өзбекстан Астанадағы турнирде бірнеше салмақта жүлдені көздеп отыр. Кейінгі өткен Азия чемпионатында (22 жасқа дейін) Өзбекстан 14 алтын, 4 күміс және 3 қоламын жалпы командалық есепте бірінші болған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар