Тағы бір қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалында 57 келіге дейінге салмақта сынға түсетін Ибрагимова 2018 жылғы әлем чемпионы Тайбэй елінің боксшысы Линь Юй-Тинге қарсы жұдырықтасты. Бұл жекпе-жектің үш раудының қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен Линьге жеңісті берді. 

Осылайша, Ибрагимова қола жүлдегер атанды. Бұл Қазақстанның екінші қола жүлдесі. Осыған дейін Жайна Шекербекова да қола жүлденің иегері атанған болатын. 

Ал 48 келіге дейінгі салмақтағы Алуа Балқыбекова болса әлем біріншілігінің финалында өнер көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар