Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионын жеңді

©ҚФБ

Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында сенсация жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 24 жастағы отандасымыз бірінші айналымда 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы 28 жастағы Хасанбой Дусматовпен кездесіп, үш раундтың қорытындысы бойынша таза жеңіске жетті. 

Енді Бибосыновтың келесі қарсыласы үндістандық боксшы Дипак болады. Ол бірінші айналымда қырғыз боксшысы Азат Усеналиевтен үстем түсті. 

Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатының екінші айналымына Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) шыққан болатын. 

Бүгін, 26 қазан күні Нұрқанат Райыс (75 келі) өзінің бірінші кездесуін өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии
Жаңалықтар