Қазақстандық боксшылар Таиландта "Король кубогы" турнирінде жеңіске жетті

© olympic.kz
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан "Король кубогі" халықаралық турнирі мәресіне жетті, - деп хабарлайды ҰОК ресми сайты.

Қазақстан боксшылары жарыстан екі жүлдемен оралды. 52 келіде жұдырықтасқан Евгений Павлов финалда қытайлық қарсыласына жол беріп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

60 келіде ел намысын қорғаған Әділет Құрметов жартылай финалда Моңғолия өкілінен ұтылып, қола жүлдегер атанды.
Метки:
Жаңалықтар