Қазақ боксшы Азия чемпионатының жүлдесін иеленді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

86 келіге дейінгілер арасында Тоғамбай тәжікстандық Навруз Джафоевпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша жерлесіміз төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті. Есеп - 5:0.

Еске салайық, осы жеңісінің арқасында Сағындық Тоғамбай сары құрлықтың кем дегенде қола жүлдесін еншілейді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар