Қамшыбек Қоңқабаев та Азия біріншілігінің алтын жүлдесіне таласады

Сурет: ҚФБ

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшымыздың қарсыласы ирандық Пуриа Амири болды. Үш раундқа созылған айқастың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының капитаны төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

Енді Қоңқабаев Азия чемпионатының финалында өзбекстандық Баходир Жалолвпен кездеседі. Айта кетейік, бұған дейін бұл боксшылар алты рет кездескен. Оның үшеуінде біздің боксшы жеңіске жетсе, үшеуінде Жалоловтың жолы болған. 

Еске салайық, бұған дейін Азия чемпионатының финалына Даниял Сәбит (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және Василий Левит (91 келі) шыққан болатын. Ал Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңілді. 

Метки:
Жаңалықтар