Жайна Шекербекова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Финалдың жолдамасы үшін 52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Шекербекова Тайланд елінің боксшысы Жутамас Жутпонгпен жұдырықтасты. Бұл кездесудің бірінші раундын қазақстандық боксшы 0:0 есебімен жеңілді. Екінші раунда Жайна жақсы жұдырықтасты. Бірақ екінші кезеңді ол 2:3 есебімен ұтылды. Ал үшінші раундтан кейін төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Жутпонгқа берді. 

Осылайша Шекербекова екінші мәрте әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Сонымен қатар, Жайнаның еншісінде 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесі бар. 

Айта кетейік, осыған дейін әлем чемпионатының финалына 48 келіге дейінгі Алуа Балқыбекова шыққан еді. Әлем біріншілігінің финалы 20-21 мамыр күндері өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар