"Ешқандай дәлел жоқ". Боксшы Ангелина Лукас Қазақстан құрамасында қалады

©instagram.com/angelina_lukas

Боксшы Ангелина Лукас Қазақстан құрамасында қалады. Бұл туралы BaigeNews.kz хабарлады. 

Құрамада қалатыны туралы боксшының өзі айтқан. Лукастың айтуынша, Қазақстан спорт және мәдениет министрі жанындағы Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы Серік Сәпиев бұл жанжалға қатысушылармен видеоконференция өткізіп, Агнелинаның құрамадан шеттетілгені негізсіз екенін мәлімдеген. 

"Маған құраманың қатарында қалатынымды айтты. Алдағы әлем чемпионатына дайынламыз. Маған құрамадан Федерация еш негізсіз және дәлелсіз шығарғанын хабарлады. Тіпті мен құрамадан шеттетілмеген екенмін де", - деді боксшы. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасындағы дау Ангелина Лукастың президенттен көмек сұрап, Назым Қызайбайды допинг қолданады деген мәлімдемесінен кейін басталды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар