Дина Жоламан да әлем чемпионатының жартылай финалында сүрінді

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Дина Жоламан Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалында жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жартылай финалда 54 келідегі отандасымыз румыниялық боксшы Лакрамиора Перишичпен кездесіп, 4:1 есебімен жеңілді. Осылайша, Жоламан әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. 

Еске салайық, бұл әлем чемпионатында Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзоа қола жүлде иеленген еді. 

Ал Алуа Балқыбекова финалда өнер көрсетеді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар