Бес қазақстандық боксшы өнер көрсететін ӘЧ-2022 жартылай финалына тікелей трансляция

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Бүгін, 18 мамыр күні Ыстамбұл (Түркия) қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әлем біріншілігінің жартылай финалында бес қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Оның төртеуі күндізгі сессияда шаршы алаңға шықса, біреуі кешкі сессияда жұдырықтасады. Жекпе-жектерді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Транляцияны телеарнаның ресми сайтынан көре аласыздар. 

Жартылай финал. Күндізгі сессия (Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады)

48 келі: Алуа Балқыбекова - Севда Асенова (Болгария)

52 келі: Жайна Шекербекова - Джутамас Джитпонг (Таиланд)

57 келі: Карина Ибрагимова - Лин Ю-Тин (Тайбэй)

70 келі: Валентина Хальзова - Алсинда Хелена Пангуан (Мозамбик)

Кешкі сессия: (Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады) 

54 келі: Дина Жоламан - Лакрамиоара Перишоч (Румыния)

Еске салайық, бұған дейін Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) жарыстан шығып қалған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар