Азия чемпионы атанған боксшы қыздың анасы қайтыс болды

Сурет: әлеуметтік желіден

2016 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан қола жүлде жеңіп алған боксшы Дариға Шәкімованың анасы қайтыс болды,- деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясы. 

Боксшының анасы неден қайтыс болғаны нақтыланбаған. 

"Бокс қауымдастығы Дариға Шәкімоваға анасы Зейнеп Кәсенованың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада. 

31 жастағы Шәкімова Азия біріншілігенде бес медаль жеңген. Оның екеуі (2010, 2015) алтын жүлде және үшеуін қола (2008, 2017, 2019) жүлде. 

 

Метки:
Жаңалықтар