"Алтынды ұрлап алды". Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

©instagram.com/drs_kz/

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Түркия жерінде өтіп жатқан әлем біріншілінің күміс жүлдегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

48 келіге дейінгі салмақтың финалында Балқыбекова Түркия елінің боксшысы Айзе Чагирирге қарсы шықты. Финалдық айқастың бірінші раундын қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңді. Екінші кезеңде де отандасымыз белсенді болып, соққы көрсеткіші бойынша алда болған еді. Бірақ қазылар бұл раундта 3:2 есебімен жеңісті Чагирирге берді. 

Ал шешуші үшінші раундты Балқыбекова өзінің үстемдігімен өткізген еді. Бірақ үшінші раундтың қорытындысы бойынша төрешілер Айше Чагрирдің қолын көтеріп, жеңісті түркиялық боксшыға берді. 

Айта кетейік, бұл күмістен бөлек, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт қола жүлде бар. Оны Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) иеленген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар