Әбілхан Аманқұл Азия чемпионатының финалында жұдырықтасатын болды

Сурет: КБФ

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

75 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз ирандық Сейедшахин Мусавмен кездесіп, 5:0 (29-28, 29-28, 29-28, 29-28, 30-27) есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Аманқұл 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2018 жылғы Азия ойындарының қола және 2017 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері. 

Сонымен қатар ол 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алған. 

Еске салайық, бұған дейін Азия чемпионатының финалына Даниял Сәбит (49 келі) және Абылайхан Жүсіпов (69 келі) шыққан болатын. Ал Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңілді. 

Метки:
Жаңалықтар