Кейінгісінде нокаутқа түскен. Қазақстандық файтер экс чемпионмен айқасқа шығады

©АСА

Ресейлік АСА промоушенінің баспасөз қызметі қазақстандық Артем Резниковтың келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды, деп жазады Vesti.kz.

Резников 28 маусым Сочиде өтетін жекпе-жек кешіне қатысады, қарсыласы ресейлік Мухамед Коков (19-12). Бұл кездесу жеңіл салмақ лимитінде өтеді. 

"Дивизиондағы ең мықты балуандардың кездесуі АСА 177 турнирінде өтеді! Бұл аттарын шығарып үлгерген споортшылар, ал Мухамед Коков жартылай жеңіл салмақта чемпион да болған. Біз стилі жағынан ұқсас және теңдей қарсыластардың айқасын тамашалаймыз", - делінген хабарламада. 

Резникаов соңғы рет 2023 жылы желтоқсанда Мәскеудегі Аса гран-приінің ширек финалында жұдырықтасып, ресейлік Али Баговтан нокаутпен жеңілген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport