Таэквондодан Азия чемпионаты өтетін уақыт анықталды

olympic.kz
Азия таэквондо одағы (WT Asia) 2021 жылға арналған негізгі турнирлерінің өтетін уақыты мен орнын жариялады,- деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрлықтық күнтізбеге сәйкес, Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі 2021 жылы 26-27 наурызда Амманда өтеді. Оның артынан 28 наурызда Йордания астанасында Токио Паралимпиада ойындарының іріктеуі өтеді деп жоспарланған.

Ал 2021 жылдың 21-23 сәуір аралығында Ливан астанасы  Бейрутта WT таэквондодан Азия чемпионаты өтеді деп жоспарлануда. Пуамса және паратаэквондо бойынша құрлықтық чемпионаттар сәйкесінше 19 және 20 сәуірге белгіленген.

WT Президентінің кубогы - Азия аймағы 2021 жылы 17-22 маусымда Палестинада өтеді.

WT Asia Халықаралық жарыстардың күнтізбесі Дүниежүзілік таэквондо федерациясы Азия елдерінде G1 және G2 санаттарының ашық чемпионаттарын бекітуіне байланысты жаңартылатынын атап өтті.
Метки:
Жаңалықтар