Қазақстандық таеквондошы Ислам ынтымақтастық ойындарында қола жүлде жеңіп алды

©Olympic.kz

Қазақстандық таеквондошы Бауыржан Хасенов Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз 87 келі салмақта қола жүлдегер атанды. 

Бұл таеквондошыларымыздың жеңген үшінші жүлдесі. Бұған дейін Жасұрбек Қылышов пен Жансел Дениз де қола жүлдегер атанған болатын. 

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 13 алтын, 2 күміс және 21 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бесінші орында келеді. 

Командалық есепте бірінші орында Түркия, екінші орында Иран, ал үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеп тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар