auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Орта Азияда бірінші. Қазақ спортшы таеквондодан әлемнің үздік 30 төрешісі сапына енді

Орта Азияда бірінші. Қазақ спортшы таеквондодан әлемнің үздік 30 төрешісі сапына енді
©

Таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қара белбеудің 5-ші дан иегері, халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі Мұрат Темірәлиев аталған спорт түрі бойынша Орталық Азия аймағынан шыққан тұңғыш халықаралық деңгейдегі төреші атанды.

Бүгінде Мұрат Темірәлиев АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұрады. Халықаралық таеквондо федерациясында қызмет атқаратын білікті маман 2021 жылы Жапония астанасы Токиода өткен паралимпиада ойындарында төрешілік қызметті жоғары деңгейде атқарды.

Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткен алғашқы кезеңге әлемнің 500-ден астам төрешісі қатысқан. Іріктеуге әр құрлықтың үздік деп танылған 100 төрешісі таңдалып алынды.

Іріктеу бірнеше кезеңді қамтыды. Атап айтқанда, мамандар физикалық дайындығы мен интеллектуалдық мүмкіндігін таразылап, таэквондо спорты бойынша білім деңгейін анықтауға арналған тест тапсырмаларын орындады. Сонымен қатар, ойындарды бағалау әдістемесі мен ағылшын тілі деңгейін анықтайтын сұрақтарға жауап берді.

"Алғашқы кезең қорытындысы бойынша үздік деп танылған 50 төреші іріктеудің екінші кезеңіне жолдама алады. Онда мамандар құрлықтық лицензияланған турнирлерде төрешілік жасап, өзінің біліктілігі мен білімін нақты көрсетуі тиіс. Соның ішінде 30 төреші Халықаралық таэквондо федерациясы тарапынан барлық талапқа сай яғни кәсіби біліктілігі жоғары деп танылып, бекітілді. Мен де соның бірі ретінде таеквондо спорт бойынша паралимпиада ойындарында төрешілік қызмет атқардым", – дейді Мұрат Темірәлиев.

Токиода өткен паралимпиада ойындары барысында Мұрат Темірәлиев Еуропа, Африка, Панамерика мемлекеттерінен келген спортшылардың жартылай финалдық, финалдық жекпе-жектерінде төрешілік жасады.

 Темірәлиев 2021 жылдың желтоқсан айында Түркияның Ыстамбұл қаласында таеквондодан өткен әлем чемпионатында үздік 30 төрешінің сапында қызмет атқарды. Екі жүзден астам мемлекет қатысқан жаһандық спорт додасында Мұрат Темірәлиев 30-дан астам жекпе-жекке төрешілік жасады.

Бүгінде білікті маман Халықаралық таеквондо федерациясы басшылығы және осы спорт түрі бойынша білікті мамандармен бірлесіп біліктілігін жетілдіруде. Сонымен қатар ол алда өтетін Париж олимпиадасына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осы ретте айта кетейік, Мұрат Темірәлиев – ұлттық спорт тарихында паралимпиада ойындары мен әлемдік деңгейдегі спорт сайыстарында төрешілік қызмет атқарған тұңғыш қазақтың бірі. Сонымен қатар, ол Орталық Азия аймағынан паралимпиада ойындары кезінде төрешілік қызмет атқарған маман екендігін айта кету керек.

Бүгінде Мұрат Лос-Анджелес қаласында "TURAN Promotion" компаниясын құрып, кәсіпқой бокс және ММА спорт түрлері бойынша спортшыларды дайындауда.

"TURAN Promotion" компаниясының құрудағы басты мақсатымыз – аталған спорт түрлері бойынша Қазақстаннан келген спортшыларға АҚШ-та жан-жақты қолдау, олардың кәсіби спортта жетістікке жетуіне қолдау көрсету, материалдық тұрғыдан демеу беру. Қазіргі күнде компаниямыздың жұмысын аяққа тұрғызу жұмысымен айналысудамыз. Алдағы уақытта нақты нәтижесімен бөлісетін боламыз", – деді Мұрат Темірәлиев.

Айта кетейік, Мұрат Темірәлиев Түлкібас ауданының тумасы. Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі. Кейіннен Алматы технологиялық университетінің студенті атана жүріп, таеквондо үйірмелеріне қатысып, Мұстафа Өзтүрік, Бексейіт Түлкеев, Исатай Кабеков сынды білікті спорт саңлақтарынан тәлім-тәрбие алады.

Ол – 1993 жылы ұлттық құрама команда сапында таеквондодан Нью-Йоркте өткен әлем чемпионатына қатысты. Кейіннен үш мәрте ел чемпионы атанып, бірнеше халықаралық турнирлерде топ жарды.

Ол 2005-2013 жылдар аралығында республикалық таеквондо федерациясының бас хатшысы және команда басшысы қызметтерін атқарды. 2012 жылы ұлттық команда мүшелерін Лондон Олимпиадасына бастап апарған мамандардың бірі болды.

Сондай-ақ ол Әлем мен құрлық чемпионаттарында, Азия ойындары мен әлем кубогында және басқа да көптеген дүбірлі додаларда қазылық етті.

Мұрат Темірәлиевтің еңбегі ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланып, оған "Әлемнің және Азияның ең үздік қазысы" атағы берілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама