Қазақстандық таеквондошылар Халықаралық турнирден жүлдемен оралды

©сурет: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошылар Эстонияда халықаралық турнирден үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Эстонияның Таллин қаласында таеквондодан Tallinn Open халықаралық турнирі өтті. 28-29 тамыз күндері өткен G-1 санатындағы додаға 250-дан астам спортшы қатысты. Аталған бәсекеде 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде нұрлан Мырзабаев күміс медальға ие болды. Ал 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Смайыл Дүйсебай қола жүлдегер атанса, 68 келіде сынға түскен Ерасыл Арапбай екінші қоланы ел қоржынына салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар