WBA Головкин мен "суперчемпион" арасындағы кездесудің өтуіне рұқсат берді

©xsport.ua

Кубалық боксшы Эрисланди Лара (28-3-3, 16 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жсопарына кедергі келтіре алмайды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

ESPN баслымы мен шолушы Дэн Рафаэльдің таратқан ақпараты бойынша, Лара WBA ұйымының жапониялық Риото Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуді талап еткен. Бірақ инсайдер таратқан ақпарат бойынша, Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы бұл кездесуге келісім бермей, Головкин мен Мурата арасындағы желтоқсанға жоспарланған кездесуге рұқсат берген. 

Еске салайық, бірінші орта салмақтағы IBO және WBA  белбеулерін тастап, WBA Super белбеуінің иегері Муратамен кездесу үшін орта салмаққа ауысқан еді. Енді жапониялық боксшының орнына Лара енді британдық боксшы Крис Юбенкпен (30-2, 22 КО) кездесуі мүмкін. 

Ал Головкин болса соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында шаршы алаңға шығып, полшалық Камил Шереметаны (21-2, 5 КО) нокаутпен жеңді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар