WBA белбеуі бар боксшымыз әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасына қайта қосылды

©Suleimen Promotions

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Бек Нұрмағанбет (5-0, 3 КО) әуесқой боксқа қайта оралды. 2019 жылы Азия чемпионатында топ жарған бокшымыз Қазақстан құрамасымен бірге әлем чемпионатына дайындалуда, деп хабарлайды Sports.ru.

Нурмағанбеттің айтуынша, ол Ұлттық құрамаға әлем чемпионы атану үшін қайта оралған. Бірақ ол Қазақстан құрамасында тек әлем чемпионатында өнер көрсетіп, кейін қайта кәсіпқой боксқа ауысады екен. 

- Қазақстан құрамасына толық оралған жоқпын. Қазір тек әлем чемпионатына қатысу үшін дайындалудамын. Маған Бақтияр Артаевтың өзі хабарласып, құрамаға көмектесуімді сұрады. Менің Suleimen Promotion промоутерлік комапниясымен келісімшартым бар. Сол үшін бұл өтінішті промоутерлеріме айттым. Федерация мен менеджерлерім келісімге келіп, әлем чемпионатында өнер көрсететін болдым. Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінен кейін Қазақстан құрамасына қосылып, дайындықты бастадым. Өкінішке қарай, әуесқой бокста мен өзімді толық көрсете алмадым. Әлем чемпионы атағына қол жеткізбедім. Енді менде тағы бір мүмкіндік туып тұр. 

- Сіз тек әлем чемпионатына қатысасыз ба әлде Олимпиадалық циклда да құрама сапында боласыз ба?

- Нақты жауап бере алмаймын. Уақыт көрсетеді. Қазірге тек әлем чемпионатына қатысамын. Негізі басты назарым кәсіпқой бокста. Бірақ шешімді менеджерлерім шығарады. 

- Әлем чемпионатына дайындық қалай өтуде?

- Жалпы жақсы өтіп жатыр. Шымкентте, тауда дайындалудамыз. Қазақстан құрамасының соңғы құрамы әлі жарияланбады. Мен 86 келіде жұдырықтасамын деп отырмын. Алайда бұған дейін 81 келіде өнер көрсеткен едім 

Еске салайық, Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізіп, бірінші раундта 30 жастағы мексикалық Бруно Сандовалды жеңіп, WBA International белбеуін иеленді. 

Ал әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты 26 және 6 қараша аралығында Сербияда өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар