Әлем чемпионы Жәнібекпен жекпе-жекке келісті

©instagram.com/caballobronco

Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (23-1, 18 KO) осы дивизионда WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жекке келісті, деп жазады Vesti.kz.

Жекпе-жектің күні де айтылды.

"Адамес пен Әлімханұлы арасында орта салмақтағы үш тиутл үшін айқасты 3 тамыздағы бокс кешінің кардына қоссақ қалай? Маған бұл ой ұнап тұр", - деп жазады Broadway Joel твиттер-аккаунтты. 

Адамес бұл ұсынысты қолдады.

"Мен бұған әлбетте келісемін!!! Мен Жәнібекпен ойнап уақыт кетіріп жатқан жоқпын, оның промоутері келісімшартқа қатысты әзілдей береді... Саған олардың нөмірін берейін бе?", - деп жазыпты Карлос.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар