Василий Левит Қазақстан чемпионатына қатыспайды

Сурет: olympic.kz©

Бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 91 келідегі команда үздігі Василий Левит биылғы Қазақстан біріншілігіне қатыспайды. Левиттің чемпионаттан сырт қалуына денсаулық жағдайы себеп болған,- деп жазады Olympic.kz

"Василий Левит Шымкенттегі Қазақстан чемпионатына қатыспайды. Аздап денсаулығы сыр берген соң, биылғы додадан сырт қалуды жөн көрген. Қалған салмақтардағы бірінші нөмірлі спортшылардың бәрі сапта, тас-түйін дайын", - дейді команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев. 

Левиттің ел чемпионатына қатыспайтыны туралы кеше кешкісін, жеребе тарту рәсімінде белгілі болды.  Еске сала кетейік, бүгін Шымкентте бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.
 

Метки:
Жаңалықтар