Ұлыбританиялық промоутер Жан Кособуцкийге жаңа қарсылас ұсынды

Ұлыбританиялық промоутер Фрэнсис Уоррен (Queensberry Promotions) қазақстандық Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) мен франциялық проспект, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Тони Йока (10-0, 8 КО) арасындағы жекпе-жекті көргісі келетінін айтты.

Top Rank компаниясы Twitter желісінде Уорреннен "Тони Йока келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасқанын қалайсыз?" деп сұрады. 

"Жан Кособуцкий", — деп қысқа жауап берді промоутер.

Еске салайық, Жан Кособуцкий соңғы жекпе-жегін 20 ақпанда Гамбургте өткізіп, нигериялық Онориоде Эхвариемені (18-2, 17 КО) нокаутпен жеңген болатын. Сол кездесуде ол WBA International титулын иеленген.

Ал Йока кейінгі жекпе-жегін 5 наурызда Нантта бельгиялық Джоэл Джеконы (17-3-1, 8 КО) 12-раундта нокаутқа түсіріп, Еуропа чемпионы (EBU) атағын алған. 

Метки:
Жаңалықтар