Украиналық нокаутшы WBC титулы бар қазақстандықпен жекпе-жектен бас тартты

Станислав Скороход. Сурет xsport.ua сайтынан алынды

Украиналық боксшы Станислав Скороход (20-2, 17 КО) бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Тұрсынбай Құлахметке (3-0, 2 KO) қарсы жекпе-жекке қатыса алмайтын болды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне оқиғаға жақын дереккөз айтып берді. 

Олардың кездесуі 10 шілде күні Алматыда өтетін бокс кешінің басты кездесуі болу керек еді. Қазақстандықтың қарсыласы жарақат алып, жақын арада шаршы алаңға шыға алмайтын көрінеді.

Құлахмет соңғы кездесуін сәуір айында Дубайда (БАӘ) өткізді. Ол айқаста боксшы венесуэлалық Эбер Рондонды (20-1, 13 КО) 70 секундта нокаутқа түсіріп, өзінің WBC International белбеуін қорғап қалды. 

Ал Скороход болса өткен жылдың шілдесінен бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Соңғы кездесуінде ол отандасы Владислав Танцюраны (2-8, 1 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.  

Жаңалықтар