Тұрсынбай Құлахметтің келесі кездесуі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Сурет: MTK Global

Кәсіпқой бокста бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) келесі кездесуі қашан және қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы MTK Global промоутерлік компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құлахметтің келесі кездесуі 10 шілде күні Алматы қаласында өтеді. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталмады. Аталған бокс кешінде Рай Сейітжанов (6- 0, 3 КО), Али Балоев (10-0, 7 КО), Абай Төлеш (8-1, 5 КО), Рахат Сейітжан (5-0, 3 КО), Айдос Медет (6-0, 4 КО) және басқа да қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді. 

2019 жылы әуесқойлар арасында Азия чемпионы атанған Тұрсынбай кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін сәуір айында өткізді. Дубайда өткен жекпе-жек кешінде ол 70 секундта Хебер Рондонды (20-1, 13 KO) жеңіп, WBC International белбеуін жеңіп алды. Сонымен қатар, ол 210 мың доллар сыйақы алып, BoxRec  рейтингінде 48 саты жоғары көтерілді. 

Метки:
Жаңалықтар