Sky Sports арнасы Головкиннің орнын басатын үш қазақстандық боксшыны атады

Геннадий Головкин. Сурет: DAZN
Британдық Sky Sports телеарнасы алдағы уақытта танымал боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) жетістігін қайталай алады деген үш қазақстандық боксшының есімдерін атады. 

Телеарна "жаңа Головкин" болады дегенге басты үміткер ретінде орта салмақта WBO International белбеуінің иегері 36 жастағы Қанат Исламды (27-0, 21 КО) бірінші орынға қойыпты. 

Сондай-ақ бұл тізімге орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) мен осы салмақта WBC (USNBC) белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) кірген. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Головкинге IBF және IBO белбеулері тиесілі. Бұған дейін отандасымызда WBC және WBA (Super) белбеулері болған еді. 








Метки:
Жаңалықтар