Промоутер Головкинге әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін кездесу ұйымдастырмақшы

©Eurosport

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақтағы екі чемпион - Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) мен Джермалл Чарло (32-0, 22 KO) арасындағы айқасты ұйымдастырмақшы, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Хирн WBO және WBC ұйымдарының басшыларына хат жазып, онда екі боксшы арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру керектігін айтқан. 

Осылайша, ол Андраде үшін тек жақсы келісімшарт қана емес, сонымен қатар, Андраде - Чарло және Головкин - Мурата кездесулерінің жеңімпаздары арасында әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін айқас ұйымдастыруға ниетті. 

"Головкин мен Мурата орта салмақта WBA және IBF белбеуіне таласады. Қалған екі белбеу Андраде мен Чарлода. Сондықтан осы төрт боксшы арасында мықтыны анықтап, абсолют чемпионды шығаруға болады", - деп келтіреді Хирннің сөзін Fight Freaks Unite порталы. 

Еске салайық, Андрадемен Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) жекпе-жек өткізуді қалап отыр. Оның менеджері Эгис Климас WBA ұйымына хат жазып, Әлімханұлын Андраденің міндетті қарсыласы болуы керектігін талап етті. 

Ал Геннадий Головкин  (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық Риото Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы кездесу 29 желтоқсан күні Токиода өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар