Промоутер Головкинге 40 жеңісі бар қарсыласты ұсынды

©twitter.com/GGGBoxing

Golden Boy Promotions басышысы Оскар Де Ла Хойя орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгияны (40-0, 32 КО) қарсылас ретінде ұсынды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Мунгия Головкинге мықты қарсылас болады деп ойлаймын. Бұл жекпе-жек жанкүйерлердің де назарын аудара алады. Не боларын көрейік. Себебі, Головкин де, Мунгия да DAZN сервисімен жұмыс істейді. Сол үшін жекпе-жекті ұйымдастыру оңай болуы керек. Бұл менің Головкинге ұсынып отырған нұсқаларымның бірі. Бірақ, бізде басқа да ұсыныстар бар", - деді Де Ла Хойя америкалық БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында. 

Айта кетейік, осыған дейін Мунгияның бас бапкері Эрик Моралес те мексикалықтың келесі жылы Головкинмен кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар