Пакьяо Филиппин президенті болғасын карьерасын аяқтайды - Роуч

Сурет: BoxingScene
41 жастағы WBA ұйымының суперчемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) 2020 жылы шаршы алаңға шықпайды. Бірақ боксшы карьерасын да аяқтамайды. Бұл туралы BoxingScene порталына берген сұқбатында боксшының бапкері Фредди Роуч айтты. 

Еске салайық, Пакьяо 2019 жылдың шілде айынан бері шаршы алаңға шықпай келеді. Ол кезде Мэнни ұпай саны бойынша Кит Терманды жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленді. 

"Биыл Пакьяо шаршы алаңға шықпайды. Коронавирусқа байланысты жағдай оңалар емес. Жақын арада дұрысталмайтын да сияқты. Мэнни өз елінің президенті боларға дейін бір немесе екі кездесу өткізеді. Сөйтіп, карьерасын аяқтайды. 

Ол әлі шаршы алаңға шығады. Ол АҚШ, Сауд Арабиясы немесе басқа жерде жұдырықтасуы мүмкін. Бір анығы ол карьерасын әлі аяқтамайды. Қазір Майки Гарсиямен кездесу туралы әңгіме болып жатыр. Бұл Мэнни үшін керемет қарсылас болар еді. Бірақ пандемия аяқталмайынша айқас болмайтын шығар", - дейді Роуч. 
Метки:
Жаңалықтар