Майк Тайсон Биволмен айқастағы "Канелоның" басты қателігін көрсетті

©Reuters

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Егер Альварес джеб соққыларын жиі әрі сәтті пайдаланғанда кездесу тең аяқталуы мүмкін еді. Джеб соққылары аз болғаннан кейін Бивол "Канелоға" қатты жақын қашықтықта жұдырықтасты. Джеб болмаса қорғаныс та болмайды. Осыдан кейін Бивол тым белсенді болып кетті. Енді екінші кездесуде Альварес қарсыласын жиі күтіп алатын болса, ол айқастың нәтижесі басқаша болады. Мен бұған сенімдімін", - деді Тайсон. 

Еске салайық, Бивол мен Альварес арасындағы кездесу 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімі бойынша 115-113 есебімен ресейлік боксшы жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар