Маман кубалық боксшы Айдос Ербосынұлын қиналмай жеңетінін айтты

©Sulaimen Promotions

Boxing.PL порталының редакторы Марек Кудек екінші орта салмақтағы қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен осы салмақта WBA белбеуінің иегері кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) арасындағы айқас туралы ойымен бөлісті. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында маман кубалықтың отандасымыздан қандай басым тұстары бар екенін айтты. 

Бұл кездесу 15 қараша күні Миннеаполис (Миннесота штаты, АҚШ) қаласында өтеді. 

"Жекпе-жектің қызық өткенін қалаймыз. Қазақстандық боксшының осыған дейінгі қарсыластары тәуір болған. Бірақ, ол жылдам боксшы емес. Моррел болса биік, ары қолы ұзын боксшы. Егер осы кездесуге кубалық дұрыс жоспар құрса, қиналмай жеңуі керек. Ал Ербосынұлы болса ара-қашықты қысқартып, жақын дистанцияда жұдырықтасқаны дұрыс. Бірақ, бұл қиын тапсырма. Менің ойымша, Давид айқын басымдықпен жеңеді", - деді Кудек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар