Конор МакГрегор Мэнни Пакьяомен кездесетінін хабарлады

Конор МакГрегор. Фото: USA Today Sports ©
Екі салмақта UFC чемпионы атанған Конор МакГрегор даңқты боксшы Мэнни Пакьяомен кездесетінін хабарлады. 

- Биыл жекпе-жек өткізуге тырыстым. Көптеген қарсылас ұсындым. Тіпті кездесуді қашан ұйымдастыруға болатынын да айттым. Содан соң пандемия басталып кетті. Сөйтіп, маған жанкүйерлерді күту керек екенін айтты. Осыған байланысты мен шамалы демалыс алдым. Болған іс болды. Мен енді Таяу Шығыс елдерінің бірінде Мэнни Пакьяомен кездесемін", - деп жазды ирландиялық спортшы твиттер парақшасында. 

Айта кетейік, жаздың басында МакГрегор тағы да карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Ал жуырда UFC президенті Дана Уайт Конор үшіін қызықты ұсыныс дайындап жатқанын хабарлады. 

МакГрегор карьерасында бокс ережесі бойынша бір кездесу өткізген. Тарқатып айтсақ, ол 2017 жылдың тамыз айында Флойд Мейвезермен кездесіп, 10 раундта нокаутпен жеңіліп қалды. 



Метки:
Жаңалықтар