Қазақстандық боксшының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі өтпейтін болды

Сурет: flickr.com/leifpm©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің жекпе-жегі келесі жылға шегерілуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне UNIVERSUM BOX-PROMOTION промоутерлік компаниясының менеджері Флавио Ольяга Мирабаль айтып берді. 

Отандасымыз 17 қазан күні Дюссельдорф қаласында он раундқа жоспарланған кездесуде IBO Inter-Continental белбеуін қорғау керек болатын. Оның қарсыласы да анықталған. Америкалық Стив Вукоша (12-1, 4 КО) үміткер еді. Бірақ қала басшылығының шешімімен бұл кездесу өтпейтін болды. 

"Бұл әрине өкінішті жаңалық. Өкінішке қарай, біз жекпе-жекті өткізуден бас тарттық. Ең бастысы - адамның денсаулығы екенін жақсы білетін шығарсыздар. Енді барлығы пандемияның таралуына байланысты болады. Дегенмен боксшылар дайындықтарын жалғастырып жатыр. Рұқсат етілген кезде бірден бокс кешін ұйымдастырамыз. Қазір біз тек күту керекпіз", - деді Мирабаль. 

Айта кетейік, дәл осы Германия жерінде 31 жастағы Кособуцкий IBO белбеуін жеңіп алған болатын. Ол Агрон Смакичиден үстем түсті. Ал 2020 жылы отандасымыз екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. 





Метки:
Жаңалықтар